Астанада IT маманы 57 миллион теңгенің техникасын сатып, ақшасын құмар ойынға салып жіберген

IT маман, Астана, құмар ойын, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 15:59 Сурет: Zakon.kz
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты өзіне сеніп тапсырылған кеңсе техникасын сатып, ақшаны букмекерлік кеңсеге жұмсаған IT маманына үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана сотының баспасөз қызметінің 5 желтоқсан күні хабарлауынша, фирманың бұрынғы қызметкері ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталды. Ер адам IT маманы болып жұмыс істеп, жеке қаржылық мәселелерін шешу үшін жұмыс істейтін кеңсе жабдықтарын сатқан.

Сот таратқан мәлімет бойынша, астаналық жігіт ЖШС-де IT-маман болып жұмыс істей жүріп, материалдық жауапты адам бола тұра, өзіне сеніп тапсырылған, жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам сомаға ұйымдастыру техникасын талан-таражға салып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерде жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 9 қазандағы үкімімен ол бес жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, жеті жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді. ЖШС-ға келтірілген залал өтелген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: