Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық әйел әкімнің орнын 4 миллион теңгеге сатпақ болған

Астана, Кентау, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 14:28 Сурет: Zakon.kz
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Кентау қаласының әкімі қызметін 4 миллион теңгеге сатпақ болған әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық соттың баспасөз қызметінің 4 тамыз күні мәлімдеуінше, сотталушы Кентау қаласының әкімі қызметін "саудаға шығарған". Ол қала әкімі болғысы келгендерге 4 миллион теңгеге көмектесуге деп уәде берген. Тіпті бұл ұсынысқа келісіп, әйелге 650 мың теңге көлемінде "аванс" беріп қойған сатып алушы да табылды.

Бұған қоса астаналық әйел тағы бір лауазымды 4 миллион теңгеге "сатқан". Ол осы соманың көп бөлігін, яғни 3,6 миллион теңгені алдын ала алып, танысын  банк директоры етіп жұмысқа орналастырмақ болған.

Қызу сауда елеусіз қалған жоқ, елорда тұрғыны қылмыстық іс бойынша айыпталушыға айналды. Сотта ол өз кінәсін толық мойындамады, дегенмен оның іске қатыстылығы жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары, хат-хабарлардың скриншоттары, аудиохабарламалар және басқа да материалдармен дәлелденді.

Сот әйелді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы 3-бөлімінің 1,4- тармақтары (алаяқтық) бойынша кінәлі деп тапты. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кәмелетке толмаған үш баласы бар екені, келтірілген шығынның бір бөлігін өз еркімен өтегені ескерілді. Осыны ескере отырып, сот оған үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: