Астаналық тұрғынды бір жылдан астам уақыт қорқытып, одан 4 млн теңгеге жуық ақша бопсалаған
Фото: Zakon.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты күш қолдану қаупін төндіріп, ақша бопсалаған екі сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот анықтағандай, 2023 жылғы тамыздан 2024 жылғы қыркүйекке дейін сотталушылар жәбірленушіні күш қолданамыз деп қорқытып, одан мүлкін беруді талап еткен. Нәтижесінде 3,76 млн теңгесін иемденген.
Прокурор олардың әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ал қорғау тарапы айыптау баптарын жеңілдеу баптарға қайта саралап, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды өтінді.
"Сот сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Істің барлық мән-жайын ескере отырып, сот олардың әрқайсысына бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп хабарлады 2026 жылғы 30 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Шымкентте кәсіпкердің жүк көлігінің кілтін тартып алып, одан 10 млн теңге талап еткен екі ер адам ұсталған болатын. Олар талаптары орындалмаған жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жібереміз деп қорқытқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript