Астанадағы екі астық базасының директоры астықты ұрлағаны және бүлдіргені үшін 278 млн теңгеге сотталды
Фото: Zakon.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Астық қоймалары" ЖШС "№2 Нан базасы" және "№5 Нан базасы" өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Антикордың 2024 жылғы 3 қыркүйектегі ақпаратынша, ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және оның 118 млн теңгеден астам сомаға 996 тонна мөлшерінде бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды.
"Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды",- делінген ведомство ақпаратында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
3 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті бес қазақстандық пен бір шетелдікті ұстады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript