Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 270 млн теңгені желге шашқан астық базасының директоры сотталды

Парақорлық, Астана, астық базасы, директор, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 20:47 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты астықпен байланысты алаяқтық бойынша АҚ-тың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын компания өкілдігінің директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2021 жылдың тамыз айында сотталушының база директоры бола тұра, іс жүзінде астықты қабылдамай, тауар-транспорттық жүкқұжатқа үш ЖШС мен шаруа қожалықтарынан 101,7 млн теңгеге 891 415 келі бидай астығы сақтауға қабылданды деп көрінеу жалған мәліметтер енгізгені анықталды. Сондай-ақ ол аталған ЖШС директорларынан жалған көрсетілген астық көлемін өткізуді талап етіп, нәтижесінде үш ЖШС және шаруа қожалықтарының директорларынан жалпы сомасы 95 млн теңге алған.

Одан бөлек, Ж. 2021 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта база директоры қызметін атқара отырып, ЖШС С-дан 58,5 млн теңгенің 474 468 келі астығын жалған түрде сақтауға қабылдап, ол үшін 35 млн теңге қолма-қол ақша алған.

Ал 2022 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде элеватордың дәнді дақылдармен толық толтырылуына байланысты астықты сақтауға мүмкіндігі болмаған. Осыған қарамастан сотталушының нұсқауымен астық үздіксіз қабылданып, салдарынан құны 118,7 млн теңге тұратын 996 750 келі бидай қабылданып, жарамсыз күйге түскен.

Сотта акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшесіне келтірілген залалдың жалпы мөлшері 278,9 млн теңге болатын 2 362 633 келі бидайды құрайтыны нақтыланды.

Сотталушы кінәсін мойындады, қорғаушы тарап сотталушыға ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен Ж. ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағында, 371-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқарудан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: