Жаңалықтар тізбегі
0

Пойыз вагонындағы өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2020 20:41 ҚР ТЖМ
Пойызға барлығы 10 вагон тіркелген және онда 192 жолаушы болған.

"Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызында болған өрттен бес адам, оның ішінде 10 жасар бір бала зардап шекті, деп мәлімдеді арнайы брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы №109 жолаушылар пойызының жүк вагоны өртке оранғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл пойызға барлығы 10 вагон тіркелген және 192 жолаушы болған. 5 адам әртүрлі дәрежеде күйік алған, олардың барлығы пойыздың жүк вагонында болған. Олар - инкассатор, екі жолсерік, 1985 жылғы Қазпошта қызметкері мен оның 10 жасар ұлы. Олар түрлі дәрежеде күйік алып, Бейнеу ауданының ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің олардың жағдайын тұрақты деп бағалайды, - деді Уәли.

Оның айтуынша, бүгінде ТЖ қызметі мен полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрттің алдын-ала себебі - 5 литрлік газ баллонының жарылуы.

- Біз бұл өрт қауіпсіздігінің барлық ережесін бұзу екенін бірден айтқымыз келеді. Газ баллондарын жолаушылар пойызында немесе жүк вагонында сақтауға тыйым салынады. Біздің ешкімге айыппұл салуға құқығымыз жоқ, бірақ бізде ескерту сипатында қоятын мәселелер бар. Қандай жаза қолданылады, бұл сауалды полициядан сұрау керек, ал өтемақыға қатысты сұраққа жауапты "ҚТЖ" АҚ-тан алу керек, - деп түсіндірді ресми өкіл.

Бұрын хабарланғандай, "Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызының жүк вагонынан өрт шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: