Іле Алатауында табылған ер адам қайтыс болды
видеодан кадр
Табылған кезде оның жағдайы өте ауыр болған.
Құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенген дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған.
Сағат 20.45-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript