Жаңалықтар тізбегі
0

Екі облыстың әкімі сотталды. 2020 жылғы атышулы қылмыстық істер

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 18:20 zakon.kz
2020 жылы шартты түрде босатылғандар да жұрттың ерекше назарына ілікті.

Zakon.kz Тышқан жылын қорытындылай отырып, 2020 жылғы атышулы қылмыстық істер тізімін жариялайды.

Биыл екі облыстың әкімі сот алдында жауап берді.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Іс материалдарына сәйкес, Бакауовтың жиеніне тиесілі фирма 200 миллион теңге салық төлемеген. Бақауов фискалды саланың шенеуніктерінен бұл соманы 3 миллион теңгеге дейін азайтуды талап етемін деп жүріп, өзі соттың алдынан бір-ақ шықты.

Ақырында оған сот 3,5 жылға бас бостандығын шектеу және қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбекке салу туралы үкім шығарды.

Ал сотталған екінші экс-әкімнің аты-жөні - Қуанышбек Ысқақов. Ол Қызылорда облысына басшылық еткен. Ол ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға қауіпсіздігі орташа колонияға тоғытылды. Іс материалдарына сәйкес, Ысқақов және оның сыбайластары Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген ақшаны алаяқтық жолмен иемденген.

Алматыдағы блок-бекеттегі полиция қызметкерлерінің қазасы

Көктемде Алматыдағы блок-бекеттердің бірінде жазатайым оқиға орын алды. Екі полиция қызметкері қызмет бабында қаза тапты. Блок-бекеттегі жол апатына бірнеше күн бұрын жұмыстан шығып қалған олардың бұрынғы әріптесі Азат Азаматов кінәлі деп танылды. Оқыс оқиға кезінде ол көлік рөлінде удай мас болған. Сот оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Шымкенттегі қару-жарақ ұрлығы

Ақпан айында Түркістан облысындағы әскери бөлімнен қару ұрлау оқиғасы тіркелді. Күзде бұл іске қатысы бар басты адам - ​​жас әскери қызметкер Абылай Балғынбай 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің сыбайластарымен бірге 13 қаңтардан 20 ақпанға дейін 29 пулемет, 28 Макаров тапаншасын, бір травматикалық тапанша және оларға арналған оқ-дәрілерді ұрлағаны белгілі болды.

Алматыда жаяу жүргіншілерді қасақана қаққандар

Гагарин көшесінде жаяу жүргіншілерді қағып кеткені үшін екі ағайынды жігіт бас бостандығынан айырылды. Іс материалдарына сәйкес, олар екі автокөлікпен қарақұрым топ адамдға қойып кеткен, салдарынан үш адам жарақат алды. Сот екеуін де кінәлі деп тапты. Сот үкіміне сәйкес, кіші Дінмұхамед Әликеев 11 жыл 3 айын, ал үлкені Жандос Әликеев 4 жыл 8 айын колонияда өтейтін болды.

Алматыда бес жұлдызды қонақүйдегі сәби өлімі

Алматыда Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамед 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кішкентай қызының өліміне кінәлі деп танылды. Іс материалдарына сәйкес, британдық авиакомпанияның ұшқышы мас болған, сонымен қатар есірткіге тәуелді болған. Әйелімен болған жанжалдан кейін ол қонақ үй бөлмесінде қызын сабаған. Қыз бала қайтыс болды.

Әсия Төлесованың ісі

Азаматтық белсенді Әсия Төлесова 1,5 жылға бас бостандығынан шектелді. Жазда заңсыз митинг кезінде Төлесова полиция қызметкерінің басындағы қалпағын қағып түсірген. Сот оны полиция қызметкеріне күш қолданғаны үшін кінәлі деп тапты.

Экс-банкир Ертаевтың ісі

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-ке тиесілі 144 миллиард теңгені жымқыру ісі бойынша айыпталып, сотқа тартылды. Ол кінәлі деп танылып, 11 жылға орташа режимдегі колонияға аттанды. Экс-банкирдің соңғы сот отырысындағы жантебірентерлік жүрекжарды сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қатты сынға да ұшырады.

2020 жылы шартты түрде босатылғандар да жұрттың ерекше назарына ілікті.

Жәкішев ісі

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев колониядан наурыз айында босатылды. 2010 жылы ол 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы екі рет өтініші қанағаттандырылмады, тек үшінші ретінде бұл мүмкін болды.

Майлыбаев ісі

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев 2017 жылы өкілеттігін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияны жария еткені үшін 5 жылға сотталды. Осы жылдың 30 мамырында ол шартты түрде босатылды. Майлыбаевтың сот тағайындаған мерзімін өтеп бітуге бір жарым жылы қалған еді.

Дүтбаев ісі

ҚР ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев 2017 жылы мемлекеттік құпияны жария еткені және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 7,5 жылға сотталған. Бір жылдан кейін ол басқа баптар бойынша сотталып, жаза мерзімі 12 жылға ұзарды, бір жылдан кейін оның жазасы 11 жыл болып қайта қысқартылды. Осы жылы сот мерзімді қайта есептеп, Дүтбаевтың жасын ескеріп, оны шартты түрде босатты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: