Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздың екі тұрғыны рейдерлік әрекеті үшін сотталды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 17:21 pixabay.com
Айыпталушы Р.Нұрбаев және Б.Беков шартты түрде 3 жылға сотталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті екі азаматқа қатысты заңды тұлғаға заңсыз бақылау орнату (рейдерлік) фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында 2004-2011 жылдар аралығында барлығы үш кәсіпорын - "Тараз ИнКом" ЖШС, "Индустриальный ресурс" ЖШС, "ННП Convergo Nursad" ЖШС құрылып, олардағы үлес айыпталушылар (3 компаниядағы үлес : 40%, 49%, 50%) және жәбірленуші тарап (3 компаниядағы үлесі: 20%, 51%, 50%) арасында тең емес бөліктерге бөлінгендігі анықталды.

2018-2020 жылдары Тараз қаласында алдын-ала сөз байласа отырып, екі сыбайлас жоғарыда аталған кәсіпорындар бойынша 100% қатысушылардың жалпы жиналысының ресми кворумын жариялай отырып, жалпы жиналыстардың хаттамаларын жасады, өздері жиналыстың төрағасы және хатшысы ретінде хаттамаға қол қойған. Бұл ретте зардап шеккен тараптың орнына да қол қойған.

Жалпы жиналыстың қорытындылары бойынша айыпталушылардың бірін шоттар ашу, банк карталарында және қаржылық құжаттарда, келісім-шарттарда бірінші қол қою құқығымен, кәсіпорындардың банктік шоттарындағы қаражаттарды иеліктен шығару құқығымен серіктестіктердің директоры етіп тағайындау туралы шешімдер қабылданады, сондай-ақ әділет органдарына заңды мекенжайлар өзгертіледі.

Осылайша, жәбірленуші тарап кәсіпорындардағы қатысушының үлесінен айырылды.

Тараз қаласының №2 сотының өкімімен ҚР ҚК 249-бабы, 2-бөлігі, 1-2-тармағына сәйкес айыпталушы Р.А.Нұрбаев және Б.Беков шартты түрде 3 жылға сотталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: