14 млн теңгеге дизель отынын заңсыз сатқандар сотталды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 16:09 pixabay.com
Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, ЭТД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында екі елорда тұрғынының 14 млн астам теңгеге 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдап, сату дерегінің жолын кесті. Сату олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз іске асырылды.

Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды ЖЖМ сатудың күмәнді орындарынан алудан бас тартуға шақырады. Заңсыз АЖҚС, соның ішінде заңсыз сатылған дизель отыны жоғары өрт қаупі бар объектілер болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіреді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: