Балабақшадағы тәрбиешінің өрескел әрекеті видеоға түсіп қалған
Ақмола облыстық ПД
Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Ақмола облысы полиция қызметкерлері Бурабай ауданындағы жас балаға қатыгездік таныту бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желіде Щучье қаласындағы шағын орталықтардың бірінен түсірілген видео тараған, онда тәрбиеші жас бүлдіршінге қатыгездік танытқан.
Кәмелетке толмаған адамды қадағалауға міндетті білім беру мекемесі қызметкерінің әрекеттерін, сондай-ақ Щучье қаласының тұрғынынан келіп түскен өтінішті ескере отырып, полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі, "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, осы баптың санкциясы 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түрінде немесе сол мөлшерде, яғни 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға немесе одан да көп уақытқа белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript