Алматыда балабақшадағы тәрбиешінің балаға қатыгездік танытқан әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Фото: primeminister.kz
Алматыда полиция балабақшадағы тәрбиешінің балаға көрсеткен қатыгездік әрекеттерін тергеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәрбиешінің әрекеттері бейнеленген кадрлар 14 ақпанда желіде тарады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 4 жасар бала балабақшадағы ұрып-соғу жайлы ата-анасына шағымданған. Осылайша, ересектер бейнебақылау камераларын қарай бастаған. Көп ұзамай мұғалімнің жылап жатқан баланың тыныс алу жолдарын ұзақ уақыт жауып, аяғынан сүйреп, дөрекі сөйлеген әрекеттері табылған.
Ата-аналар полицияға жүгінді.
Алматы ПД баспасөз қызметінде кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағанын айтты.
"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі адамдар заңнамаға сәйкес жауап береді", - делінген ақпаратта.
Бұған дейін Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript