Атырауда тәрбиешінің бір жасар балаға көрсеткен қатыгездігі бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 10:04 Фото: primeminister.kz
Атырауда полиция "Асылым Kids" жеке балабақшасында бір жасар балаға қатысты жасалған қатыгездік дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасының айтуынша, ол ұлының денесінен тәрбиешілердің қатыгез әрекеттерінен ғана пайда болуы мүмкін іздерді байқаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар оның бұл күдігін растады. Келіншек видеодағы сұмдықты көргеннен кейін полицияға арыздануға мәжбүр болғанын айтады.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Тергеу оқиғаға қатысы бар деп есептейтін тұлғалардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, басқа мәліметтер жария етілмейді",- деп мәлімдеді ведомство.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, қалалық білім бөлімі "Асылым Kids" балабақшасы жекеменшік екенін және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмыс істемейтінін нақтылады.

Бұған дейін Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: