Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында камераға түскен екі долы тәрбиеші жұмыстан қуылды

Ақмола облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 16:49 Ақмола облыстық ПД
Балабақшаға арнайы комиссия барған.

Щучьеде "Мерей" балабақшасында балаларды жұлқылап дөрекі мінез көрсеткен екі тәрбиешінің әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған. Бүгінгі таңда тәртіпсіз тәрбиешілерге қатысты іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Бүлдіршіндерді жекіп, жылатып, тіпті жұлқылап жүрген тәрбиешілердің ісін ата-аналар байқап қалыпты. Яғни бақылау камерасындағы таспаны сүзіп шыққандар талай былықтын бетін ашқан. Кадрда тәрбиешінің орындықты жұлқылап, баланы құлатып, жәйіне кетіп бара жатқаны анық көрінеді. Бебектерді киіндіргенде де ашу шақырып, жұлқи сөйлеп отырғаны байқалады. Бұл - жекеменшік балабақша. "Мектепке дейінгі мекемелердің барлығына талап бірдей", - дейді білім басқармасындағылар. Сондықтан тәртіпсіз тәрбиешілерге қатысты іс қозғалып, тергеу басталды.

Валерий Гамазов, Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Дерек дәлелденді. Тәрбиешінің балаларға жасаған дөрекі қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Комиссия құрылып, балабақшада жұмыс істеп жатыр. Қазір екі тәрбиеші де жұмыстан қуылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: