Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өртенген бизнес-орталыққа қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы қалалық ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 20:22 Алматы қалалық ТЖД
Қабылданған шаралар өрттің жоғарғы қабат пен оның жанындағы бөлмелерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

28 желтоқсанда Алматыда бизнес-орталықтың үшінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

28 желтоқсанда сағат 12: 27-де Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 286/4 үй мекен-жайына түскен қоңырау бойынша өрт сөндірушілер 6 минутта келіп жеттті. Олар жеткенде төрт қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңсе жанып жатқан. Газ бен түтіннен қорғау қызметінің звеносы өрт болған аумақта адамдар бар-жоғын білу үшін тексеру жүргізді, өрт ішінен адамдар табылған жоқ. Өрт сөндірушілер 15 минуттың ішінде (12: 48-де) 30 шаршы метрге жайылған өртті сөндірді, деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Қабылданған шаралар өрттің жоғарғы қабат пен оның жанындағы бөлмелерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілердің айтуы бойынша, олар жеткенде адам айқайы болмаған. Жиһаздар мен құжаттар өртеніп жатқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: