Шымкент тұрғындары үш полиция қызметкерін соққыға жыққан

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 16:16 видеодан алынды
Қазір күдікті деген үш азамат қамауға алынды.

Шымкентте үш полиция қызметкері бұзақылардан оңбай таяқ жеді. Аулалардың бірінде топырлап тұрған топқа ескерту жасаған тәртіп сақшыларын жігіттер жабылып сабаған, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұзақылар тәртіп сақшыларын баспен де, таспен де төмпештепті. Яғни топтасып тұрған алты жігітке екі бірдей учаскелік полиция қызметкері жақындайды. Көшеде ішіп-шекпеу туралы ескерту жасаған кезде бұзақылар тәртіп сақшыларын балағаттап жұдырық ала жүгірген. Тіпті біреуі ұстап, қалғандары аямай ұрыпты. Алайда дереу көмекке келген бірнеше полиция экипажы таяқ жеген әріптестерін арашалап, бұзақылардың қолына кісен салды. Ал оңбай таяқ жеген тәртіп сақшыларына жедел жәрдем фельдшерлері көмек көрсеткен. Қазір күдікті деген үш азамат қамауға алынды. Оларға қатысты екі бірдей баппен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: