Йеменде әуежайда жойқын жарылыс болды
Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласындағы әуежайында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
РИА Новости дереккөзінің хабарлауынша, оқыс оқиға жаңа үкімет мүшелерінің Эр-Риядтан оралған кезінде болған.
Бес адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жараланды. Министрлердің өзі бұл сәтте ұшақтан түсіп үлгермеген, сондықтан олар зардап шеккен жоқ. Олар үкімет сарайына жеткізілді.
BREAKING - Explosion at Aden's International Airport upon arrival of members of #Yemen's new government.pic.twitter.com/VkUXy31wz1
— Disclose.tv ???? (@disclosetv) December 30, 2020
Бұған дейін Йемен президенті Сауд Арабиясында жүрген Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкіметті тағайындады.
Аден 2014 жылғы хусидтер көтерілісінен кейін Йеменнің халықаралық мойындалған билігінің уақытша астанасы болып табылады.