БҚО-да қаңғыбас аш иттер малға шапты

kaztag, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 21:12 kaztag
Иттерді қамайтын арнайы орын да, био-залалсыздандыру жасайтын мамандар да, құралдар да жоқ.

Батыс Қазақстан облысында қаңғыбас иттер тұрғындардың малдарына шабуылдауда, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Әне бір қара мойын ит қой тістеп тастаған. Аузы қан-қан".

Жаңақала тұрғындарының айтуынша, олар енді балаларын сабаққа жалғыз жіберуге қорқып отыр. Сондай-ақ, мұнда иттерді қамайтын арнайы орын да, био-залалсыздандыру жасайтын мамандар да, құралдар да жоқ. Өңірдің ветеринарлық станциясының директоры биыл 200-ден астам қаңғыбас ит атылғанын хабарлады. Десе де олардың саны көп. Сондықтан тек шағым түскен жағдайда ғана көздері жойылатынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: