Атырауда бұралқы иттер малға шапты

Атырауда бұралқы иттер малға шапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 10:29 Сурет: astanatv
Атырау облысында бұралқы иттер малды шетінен қырып жатыр. Екі айдан бері Жылыой ауанының бірнеше ауылы мен Құлсары қаласында қаңғыбас иттер қой-ешкіге қайта-қайта шауып, жаралап, өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорасын торыған ауылдағы ағайын ұсақ жандықсыз қалудан бөлек, адамды талап тастай ма деп қауіптеніп отыр. Astana TV мәліметінше, ауыл тұрғыны Талап Балғынбаевтың ауласындағы 22 қойдың біреуі де қалмаған. Таңға таяу көршінің ашық тұрған ауласы арқылы кірген бірнеше ит бейнекамераға түсіп қалыпты. 10 шақты жылдан бері асырап отырған малынан айырылып, қорасы бос қалды.

"Жалпы 22 бас, оның 12-сін кәдімгідей өлтіріп кеткен. 10-ы тірі қалған, бірақ пайдаға аспайды. Біреуін сойып қарап едік, аяқтарын, сіңірлерін үзіп жіберген. Мал болмайды. Мал аяғынан тұрып кете алмайды, емдеуге келмейтін болған соң сойып тастадық. Ветдәрігерлер иттің шапқаны табиғи апат емес, сондықтан шығын өтелмейді деп отыр". Талап Балғынбаев

Алайда Жылыой ауданы басшылығы нақты қанша үйдің қанша малы қырылғанынан әлі бейхабар. Санақ жүргізбеген. Әр тұрғын ит пен малына өздері ие болсын,- деп отыр.

"Жеке кәсіпкер итті аулайын десе, әркім шарбағына байлап қояды. Кеткеннен кейін қайтадан жіберіп қояды. Сол себептен әр азамат бағып отырған итіне ие болу керек. Сақтық шараларын жасау керек". Ерлан Нұрланов, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында браконьерлер ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: