Қарағандыдағы бұралқы иттер назарға алынды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
28 қазанда ветеринарлық ұйымнан қаңғыбас иттер тобының бейнесіне кері байланыс түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қарағанды қалалық ветеринариялық станциясы" ШЖҚ КМК басшылығы "Вечерняя Қарағанды" Telegram-арнасында жарияланған бейнеге түсініктеме қалдырды.
"Өтініш тиісті шаралар қабылдау үшін тіркелді. Агрессивті мінез – құлқы жоқ және қауіп төндірмейтін қаңғыбас иттер вакцинациядан, зарарсыздандырудан кейін қайтадан босатылады", — делінген хабарламада.
26 қазанда қарағандылықтар қаңғыбас иттерге шағымданып, олардың қауіпті екенін айтып әлеуметтік желіде бейне жариялаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript