Жаңалықтар тізбегі
0

Масаң күйде "Volkswagen Golf 3" көлігін басқарған келіншек ұсталып қалды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 21:30 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Енді жүргізуші әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2021 жылғы 2 қаңтарда түнгі уақытта Қарабұлақ кентіндегі патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын "Volkswagen Golf 3" автокөлігінің жүру мәнері өзіне аударған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған көлік құралын тоқтатқан полицейлер көлік тізгініндегі әйелден ішімдік ішудің айқын белгілерін байқаған. Содан кейін жүргізілген куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейін растады", - деп хабарлады Ескелді аудандық ПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция майоры Айдос Есімбеков.

Тексеру барысында Талдықорған қаласының 38 жастағы тұрғыны 2019 жылдың наурыз айында үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Енді жүргізуші әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Азаматшаның темір тұлпары арнайы көлік тұрағына тоғытылды. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Қолданыстағы заңнаманы масаң күйде көлік басқарғандарға қатаң шаралар қабылдау бойынша өзгерту енгізілгеніне қарамастан, кейбір жүргізушілер әлі күнге ішімдік ішіп, көлік тізгіндеді. Баршаңыздың назараңызға: көлікті масаң күйде басқарған адам - қылмыскер! Өзіңізге де, айналаңыздағы адамдарға да қауіп төндірмеңіз!", - деді полиция майоры Айдос Есімбеков.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 21:30

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: