Қарағандыда автобуста бес адамды ток соқты
Еkaraganda.kz
Автобус салонындағы кабель аршылып, жалаңаштанған.
Қарағандыда автобуста бес адамды электр тоғы соқты, деп хабарлайды zakon.kz.
29-маршруттың салонында жалаңаштанған сым темір ілініп тұрған, бір кезде ол ұстағышқа барып жабысады. Мен мінген сол автобуста соның салдарынан бес адамды электр тоғы ұрды, - деді оқиға куәгері ekaraganda.kz тілшісіне.
392FAZ09 нөмірлі автобустың экипажы жалаңаш кабельді жөндеді, - деп атап өтті Қарағанды қаласы Коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript