Астанада балалар алаңында бес жасар баланы ток соқты
Фото: Zakon.kz
Желіде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында кабельдің жанған сәті түсірілген видео тарады. Оқиғаға қатысты Астана полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы футбол алаңының жанында құрылыс компаниясына тиесілі кабель өртенген.
"Салдарынан 5 жасар бала электр тогынан зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп толықтырды полиция.
Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript