Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы соты сайлау кезінде бақылаушылардан келіп түскен екі арызды қарады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2021 17:38 zakon.kz
Екеуі де қанағаттандырылмады.

Учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты екі шағым Алматы қаласындағы қос сотқа келіп түсті. Екі шағым да қанағаттандырылған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

10 және 11 қаңтарда Алматыдағы қос сот учаскелік сайлау комиссияларының (УСК) әрекеттеріне қатысты екі шағымды қарады.

Медеу аудандық сотына "Тәуелсіз бақылаушылар" үкіметтік емес ұйымынан арыз келіп түсті. Ұйым өз бақылаушысын тіркеуден және қабылдаудан бас тартуды заңсыз деп тануды және жауап берушіні оны бақылаушы ретінде тіркеуге мәжбүр етуді сұрады.

"Сайлау туралы заң" бойынша бақылаушыдан өз өкілеттігін жазбаша растауды талап етіледі. Бұл құжат бақылаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылуы керек,онда оның аты-жөні көрсетіледі. Сонымен қатар, бақылаушы жеке бас куәлігін көрсетуге міндетті. Бақылаушы болуға ниет білдірген адам мұның бәріне дайын болған жоқ. Сондықтан сот үкіметтік емес ұйымның талаптарын қанағаттандырудан бас тартты, - делінген соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің хабарламасында.

"Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі" (ЖААҚ) де тура осындай өтінішпен Алмалы аудандық No2 сотының көмегіне жүгінді. Бұл арада ЖААҚ өкілін сайлау учаскесінде бақылаушылар бойынша бос орын болмауына байланысты кіргізбеді делінген. ЖААҚ санитарлық талаптардың сақталуын ілік етуді заңсыз деп санайды.

Учаскелік сайлау комиссиясының өкілі сайлау учаскесіндегі бақылаушыларға арналған бос орын жоқ болғандықтан, күту қажеттігі туралы өтініш оны қабылдаудан және тіркеуден бас тарту болып табылмайтынын түсіндірді. Сайлау учаскесі ғимаратында, сот белгілегендей, қоғамдық бақылаушыларға арналған орындар санитарлық нормаларға және COVID-19 таралуын болдырмау алгоритміне сәйкес орналасқан. Әлеуметтік арақашықтық нормаларын бұзбай, бақылаушы орналастыру мүмкін болмады, делінген хабарламада.

"Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің талаптары және жоғары санитарлық дәрігердің жоғарыда көрсетілген алгоритмді бекіту туралы шешімінің нормалары міндетті екендігі атап өтілген. Осыған байланысты сот ЖААҚ талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: