Сот удай мас. Желідегі видеоға қатысты тексеру басталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2021 15:42 видеодан алынды
19 қаңтарда Kozachkov offside Telegram арнасында "мас еркектердің" видеосы жарияланды.

Алматы қалалық соты әлеуметтік желіде пайда болған видеоға байланысты тексеру басталғанын ресми жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

19 қаңтарда Kozachkov offside Telegram арнасында "мас еркектердің" видеосы жарияланды.

Тағы бір қызық видео келіп жетті, судьялардың видеосын жариялаған жөн бола ма, өзі? Бұл адамдардың бірі - Қуаныш Әріпов төрағасы болып табылатын Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының белсенді Фемида мүшесі екені айтылады", - делінген видео астындағы сипаттама жазбада.

Бұл видеоға қатысты Алматы қалалық сотының өкілі Абай Жарылқасын Facebook парақшасында түсініктеме берді.

Бүгін әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырған видео жарияланды. Оған жазылған пікірлерден бұл видеодағы адам Алмалы аудандық сотының судьясы деген пайым айтылып қалып жатыр. Осы факт бойынша Алматы қалалық соты ресми тексеру бастағанын хабарлаймын.
Абай Жарылқасын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: