Жаңалықтар тізбегі
0

Жалға алған көлікті өзгеге сатып, пайда табумен айналысқан келіншек ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 18:45 polisia.kz
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, А.есімді азаматша жалға алынған автокөлікті жүргізгені анықталды және дәл сол маркалы автокөлікті екінші деңгейлі банктен нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға уәде береді.

– Ұсталған – 1980 жылы туған А.азамат “Тойота Камри 55” көлігін жалға алып, өзінің таныстарын банктерде дәл осындай кепілдегі көлікті 5 миллион теңгеге сатып алуға көмектесетін “байланыстары” бар деп сендірді, ал бұл машинаның нарықтық бағасы 7 миллион теңгеден жоғары. Бағадағы айырмашылық аңғал азаматтарды қызықтырды және олар 3,5-4 миллион теңге алдын-ала төлемді кепілдіксіз берді. Бұрын да алаяқтық әрекеттері үшін сотталған қаскөйдің ауызша берген уәделерін орындау ойында да болған жоқ. Алған ақшасын өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Көрсетілген адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар бізге келесі телефондар арқылы хабарласа алады: 8708-707-92-02; 8-705-771-13-71; 8-705-555-77-63, – деді Ысқақов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: