Жаңалықтар тізбегі
0

Бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалған

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 17:41 Баспасөз қызметі
Шпекбаевтың айтуынша, 5 вице-министрге, 5 комитет төрағасы мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың 5 топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық істер тергелуде.

2020 жылы 210 түрлі деңгейдегі басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев алқалы жиында, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз жазадан сытылып кетпейтіндей әрекетті толықтай қамтамасыз етеміз. Есепті кезеңде 25 аса ауыр және 1 368 ауыр қылмыстар, сондай-ақ жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 112 оқиғасының жолы кесіллді. Сот ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 4 істі қарайды. Әртүрлі дәрежедегі 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 2 жауапты хатшы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудан әкімі және олардың орынбасарлары бар, - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, 5 вице-министрге, 5 комитет төрағасы мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың 5 топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық істер тергелуде.

Бірқатар шенеуніктер мен мердігерлердің басшылары Astana LRT құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотқа тартылды. "СК-Фармация" кеңесінің экс-төрағасын тергеу ісі аяқталды.

БТА-Банкке қатысты 12 миллиард теңгеден астам шығынға өтемақы бекітілді. Тағы 6,4 миллиард теңге "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ экс-басқарма төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында өтелді.

Агенттік басшысы Антикор өткен жылы келтірілген зиян бойынша рекордтық көлемде өтемақы өндірткенін атап өтті.

Қылмыстық істер бойынша өтелген зиянның мөлшері 50,7 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі еседен көп (22,7 млрд теңге). Пара беру және жымқыру фактілері бойынша бірнеше айыппұлдардың көлемі 2,8 млрд теңгені, тәркіленген мүлік сомасы 1,2 млрд теңгені құрады, - деді Агенттік төрағасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: