Арыстағы жарылыс туралы іс прокуратураға кері қайтарылды
Шымкент гарнизонының әскери соты кемшіліктерді жою үшін Арыс қаласындағы жарылыстар туралы істі прокуратураға жіберу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 323-бабына сәйкес, қылмыстық істегі кемшіліктерді жою және осы іске қатысы бар басқа адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында прокуратураға қайтарылды. Шешім 21 қаңтарда шығарылды және заң әлі күшіне енген жоқ, - деді әскери соттың кеңсе меңгерушісі Ғани Өтеулиев.
Бұл іске қатысты 16 адам сотқа тартылған. Оның 15-і - әскери қызметкерлер, біреуі - жеке тұлға. Зардап шегуші ретінде 1500 адам танылды. Сот ісі 2020 жылдың маусым айында басталды.
2019 жылдың жазында Арыс қаласындағы әскери бөлімде оқ-дәрілер қоймасы жарылды. Жарылыстар сериясы бір тәуліктен астам уақытқа созылды, халық эвакуацияланды. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тапты: екі әскери қызметкер және бір жергілікті тұрғын. 11 қазанда Арыс маңындағы оқу-жаттығу полигонында жиналған оқ-дәрі сынықтарын жою бойынша жоспарланған жұмыс кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы қаза тапты.