Жаңалықтар тізбегі
0

Ақсу ауданында дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

bryansktoday.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2021 18:15 bryansktoday.ru
Ұры қамаққа алынды.

Ақсу ауданың 27 жастағы тұрғыны ішімдікке сылқия тойып, жергілікті дүкенге ұрлыққа түскені әшкере болды. Қылмыстың мән-жайын толығымен анықтаған тәртіп сақшылары дүкен иесіне хабарласып, болған жайтты айтқан. Мүлкінің ұрланғанынан бейхабар дүкен иесі дерек бойынша полицияға арыз жазды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің жақындары түнде бізге хабарласып, масаң күйдегі жақынының қылмыс жасауы мүмкін деген күдігін айтқан. Өйткені, ұсталған жігіт үйіне 160 астам қорап темекі әкелген. Жақындарының күдігі расталып, акциздік тауар жақын маңдағы дүкеннен ұрланғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес таратылмайды, деді Ақсу АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Айдос Қалжатбай.

Алдын ала тексеру барысында мас тұрғын дүкен терезесін түнде жалаң қолмен жұлып алғаны белгілі болды. дүкенде ақша көп болмағандықтан ол сатылымдағы темекі өнімдерін алып кеткен. Дүкен иесіне 100 мыңнан астам материалдық шығын келгенімен, жақындары мен полицейлердің жылдам әрекет етуінің арқасында ұрланған заттар толығымен кері қайтарылған.

Ұсталған жігіт бұған дейін полиция назарына түспеген. Ащы су ақылынан айырып, қылмысқа барған. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын өз мүліктерінің қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұраймын. Қазір бұл бағытта заманауи техника өте көп. Бұған дейін бізде дүкен ұрысы оқиға орнында қолға түскенін жақсы білесіздер. Ол кезде дабыл белгісі хабар берген болатын, деп толықтырды полиция подполковнигі Айдос Қалжатбай.

Полицейлер күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: