Талдықорғанда Қарттар үйіндегі қариялар ақшасыз қалды

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 21:25 azh.kz
Құқық бұзушы шамамен 1 жарым миллион теңгені жымқырған.

Талдықорғанда Қарттар үйіне бет алған пошташы тоналды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құқық бұзушы шамамен 1 жарым миллион теңгені жымқырған.

Алматы облысы полициясының хабарлауынша, оқиға 3 ақпанда болған. Қарттар үйіне велосипедпен келе жатқанда әйелге жақындаған бейтаныс адам оның жәшігіндегі пакетті ұрлап кеткен. Пакетте шамамен 1 жарым миллион теңге болған. Кейін 40 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті бұрын сотты болған, - деді Талдықорған қаласы ПБ басшысы Асқар Нұрсапа.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 1-бөлімі, яғни "Қарақшылық" бойынша іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: