Қарағандыда қарақшылар кассирге бензин шашып, ақшасын тонап кетті
видеодан алынды
Кассир оларға 120 мың теңге берген.
9 ақпанда түстен кейін Қарағандыда қарақшылар микрокредиттік ұйымды тонады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ғимарат ішіне орнатылған бейнекамераға түскен оқыс оқиғаның видеосы Инстаграмдағы Temirtau.times парақшасында жарияланды.
Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға микрокредиттік ұйымдардың біріне баса-көктеп кіріп, 28 жастағы кассир қызға бензин шашып, ақша беруін талап етті, - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, ер адам бойжеткенге бағынбай, қарсылық көрсетуге тырысса, оны өртеп жіберемін деп қорқытқаны атап өтіледі. Кассир оларға 120 мың теңге берген.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы, "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды, - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript