Балқаш прокуратурасы Ыдырыс Саяховтың өліміне байланысты түсініктеме берді
"Instagram" (sayakhov.isa.sos) әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Балқаш қаласында 2020 жылдың 16 қыркүйегінде Саяховтың қайтыс болу фактісіне қатысты күдіктінің әрекеттерін саралаумен келіспеу туралы жарияланымдар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Балқаш қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
2020 жылғы 18 қыркүйекте Балқаш қаласының прокуратурасы Саяховтың әкесінің өтініші бойынша ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен, атап айтқанда адамдардың топтасып денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі бойынша қылмыстық іс тіркегенін хабарлаймыз. 18 жасар күдікті ұсталған.
Екі күн өткен соң жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне, яғни абайсызда өлімге соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіруге қайта сараланған. Күдікті тұлға 2 ай мерзімге қамауға алынған. Тергеу облыстық Полиция департаментіне тапсырылған.
Дене жарақаттарының қасақана келтірілгенін жоққа шығаратын куәлік айғақтардың, беттестіру амалдары мен сарапшылардың қорытындыларына, сондай-ақ жәбірленушінің өзі құлағанын айтқаны туралы жедел жәрдем фельдшерлерінің жазбаларына байланысты күдіктінің әрекеттері ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігіне, яғни абайсызда қазаға ұшыратуға қайта сараланған.
А.ж. 3 ақпанда Балқаш қаласының прокуратурасы қылмыстық істі қарау үшін қалалық сотқа жолдады.