Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық күзетшілер Байқоңырдан 11 млн теңгенің кабелін ұрлаған

digitalsubstation, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 22:24 digitalsubstation
Оларға қатысты қылмыстық істі прокуратура Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдады.

"Байқоңыр" кешені прокурорының орынбасары Алексей Афанасьев РФ Қылмыстық кодексінің 158-бабы 4-бөлігінің "б" тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы топтасып аса ірі көлемде ұрлық жасау) айыпталған үш азаматтың ісін ары қарай тергеу үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Байқоңыр кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу анықтағандай, 15-сінен 16-шы қазанға қараған түні "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан Қазақстанға тиесілі учаскелердің бірінде қазақстандық күзет ұйымының қызметкерлері жалпы сомасы 1 миллион 850 мың рубль болатын (11 192 500 теңге) кабельді ұрлап кеткен.

Күдіктілердің бірі ізі суымай ұсталып, қазір қамауға алынды.

- Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұл азаматтардың аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны толығымен расталып, дәлелденді. Ұры-күзетшілер бірден жұмыстан шығарылды. Айыпталушылар Қазақстан азаматтары болғандықтан, прокуратура оларға қарсы қылмыстық істі әрі қарай тергеу үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсырды. ҚР қылмыстық заңнамасында қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық үшін мүліктің тәркіленуімен он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, - делінген кешеннің прокуратурасы таратқан ақпаратта.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: