Жаңалықтар тізбегі
0

Әншілердің атын пайдаланып, жұртты алдаған алаяқ сотталды

newbusiness.su, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 19:22 newbusiness.su
Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Инстаграмда оңай ақша табудың жолын байқаған. Осы сипаттағы арам пиғылын жүзеге асырғаны үшін ол үш жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ҚАЖД атап өткендей, ер адам өзін қазақ эстрада әншілерінің менеджерімін деп таныстырып, автокөлік пен жарты миллион теңге ұтысқа қойылып жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан.

Ұтысқа тіркелгендердің ішінен ол "жеңімпаздарды" таңдап, оларға келесі мазмұндағы хабарламаларды жібереді: "Сәлеметсіз бе, сіз біздің ұтысымыздың жеңімпазы болдыңыз! Бүгін жолыңыз болды! Ұтыс затын алу үшін алдымен әншінің авторлық альбомын сатып алуыңыз қажет", - делінген баспасөз хабарламасында.

Содан кейін "жеңімпаз" белгілі бір соманы банк картасына аударып, өзінің ұтысын күтеді. Алайда, ақша аударылған соң өтірік менеджер адамдарды блокқа қойып, содан кейін, тіпті ашылған парақшаны толығымен жойып жіберіп отырған.

Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Мен жасағаным ісім үшін шын жүректен өкінемін. Бұл менің бірінші рет сотталуым. Қазір материалдық шығынды өтеп жатырмын және барлық жәбірленушілерден кешірім сұраймын, - деді сотталушы инспектормен болған әңгіме барысында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: