Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда екі студент полиция қызметкерлерінің куәлігін жасап, сатқан

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 21:31 Баспасөз қызметі
Ұсталған студенттерден процессор, принтер және жеке куәліктердің қызыл мұқабалары тәркіленді.

Павлодарда студенттер полиция қызметкерлерінің жалған құжаттарын жасап, сатқан, деп хабарлайды zakon.kz.

10 ақпанда Instagram-дағы аккаунттардың бірінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін дайындау және сату туралы бвидео жарнаманы орналастыру фактісі анықталды, - деді Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Учаскелік инспекторлар күдіктілерді анықтады: олар жергілікті жоғары оқу орындарының бірінің екі студенті болып шықты.

Олар үйде отырып, жалған белгілері бар Қазақстанның ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін заңсыз дайындап, жасаған, дейді баспасөз қызметі.

Ұсталған студенттерден процессор, принтер және жеке куәліктердің қызыл мұқабалары тәркіленді. Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және сату фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: