Қарағандыда әскери бөлімде 18 жасар сарбаз көз жұмды
Қарағанды облысының әскери бөлімдерінің бірінде төтенше жағдай орын алды. Түркістан облысынан шақырылған 18 жастағы әскери cарбаз менингиттен қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
2 ақпанда сағат 08.00 шамасында №6505 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Жағып Р. өзән әлсіздік ж"не нашар сезініп тұрғанын айтып, шағымданды. Санитарлық нұсқаушының қарағаннан соң сарбаз Абайдағы орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеру кезінде әскери сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер қатардағы жауынгердің өлімі тіркелгенін жариялады, - деп хабарлады басылымға Орталық аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әскери қызметін өтеуші жауынгер өліміне фульминантты түрдегі"жедел менингококкемия" себеп болған.
Марқұм әскери борышын өтеген бөлімде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді, карантин жарияланды. Онымен байланыста болғандардың барлығы Қарағанды облысы бойынша ұлттық сараптама орталығына сараптамаға жіберілді. Орталықтың басшылығы мен жеке құрамы қатардағы жауынгерлердің отбасы мен достарына көңіл айтты, тергеу басталды.