Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда тек "Audi-80" көлігін ұрлайтын жігіт ұсталды

википедия википедия
Сотқа дейінгі тергеу барысында жедел уәкілдер 2019, 2020 және 2021 жылғы қаңтарда Павлодар облысының аумағында тіркелген автокөлік ұрлығының 6 фактісіне ұсталған ер адамның қатысы барын анықтады.

Павлодарда үш жыл бойы көлік ұрлап жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды. Ер адам Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, күдікті қылмыс жасауға мұқият дайындалған және неміс өндірушісінің көлігін алдын ала таңдаған, сондай-ақ көлікті ұрлау бағытын жоспарлағанын хабарлады.

Ұрлықты сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін жасағаны анықталды. Тек "Ауди 80" маркалы автокөліктерді айдап кетіп жүрген. Өйткені мұндай көліктердің қосалқы бөлшектері нарықта сұранысқа ие, - деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Бастапқыда ол ұрланған көліктерден бөлшектерді таныстары арқылы сатып жүрген. Одан әрі OLX ақпараттық жүйесі және "Ауди" әуесқойлар тобы арқылы айласын іске асырған. Ұсталған кезде ер адамнан "Ауди" маркалы автокөліктердің кілттері мен гараждан "Ауди-80" маркалы автокөліктің қосалқы бөлшектері алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жедел уәкілдер 2019, 2020 және 2021 жылғы қаңтарда Павлодар облысының аумағында тіркелген автокөлік ұрлығының 6 фактісіне ұсталған ер адамның қатысы барын анықтады.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: