Жаңалықтар тізбегі
0

Несие төлеуден шаршаған елордалық қулық жасаймын деп оңбай сүрінді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2021 19:10 Pixabay
Ұрланған көлік иесіне қатысты жалған шағым түсіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Несиесін төлемеу үшін елордалық ер адам өз көлігін ұрлаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда тұрғыны "102" желісіне қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның былтыр ғана автосалоннан несиеге сатып алған Toyota RAV 4 маркалы қымбат көлігін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ұрлық фактісі сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, онда "Оқушылар" сарайы маңындағы автотұрақтағы көлікті белгісіз бір ер адам мініп, қаладан шығып кетеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 53 жастағы жәбірленуші сақтандыру компаниясынан ақы алу және несие бойынша төлемдерден жалтару мақсатында өз көлігін ұрлап кеткені анықталды. Қылмыстық жоспарды алдын-ала қарастырған ол автокөлік ұрлайтын таныс адамды да тапқан. Оның орнына ол ақшалай сыйақы төлеуге уәде еткен. Әлгі ұрылар автокөлікті Алматы облысына айдап барып, біреулерге өткізген.

Қазір автокөлікті ұрлағандар ұсталып, қылмыстарын мойындады. Ал ұрланған көлік иесіне қатысты жалған шағым түсіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: