Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұздағы қанды оқиға. Полиция зейнеткердің ер адамды неге атқанын айтты

altapress.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2021 15:49 altapress.ru
Екібастұздың Сәтпаев көшесінде үйдің ауласында белгісіз ер адам шолақ мылтықпен қала тұрғынын атып кетті. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Екібастұздағы қылмыстың себебі белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

23 ақпанда кісі өлтіру фактісі тіркелді. Екібастұздың Сәтпаев көшесінде үйдің ауласында белгісіз ер адам шолақ мылтықпен 45 жастағы қала тұрғынын атып кетті. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Марқұм электрик болып жұмыс істеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деп күдікке ілінген 65 жастағы ер адамды ұстады

Кісі өлтіруге жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы тұрмыстық және жұмысқа байланысты ежелден келе жатқан дүрдараз қарым-қатынас түрткі болғаны анықталды, - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: