Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде тараған видеодағы қатыгез тәрбиешінің кім екені анықталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2021 23:51 видеодан алынды
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы бұл фактіні растап, түсініктеме берді. Белгілі болғандай, видеоға түсіп қалған жанжал 17 ақпанда болған, баланың ата-анасы кеше ғана шағымданған.

Әлеуметтік желіде тәрбиешісі балаға қатыгездік танытқан балабақшаның өздеріне қарасы екенін Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы растап, түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода шүйілігіп келіп, баланы бар күшімен желкесінен ұстап лақтырып жіберген тәрбиешінің оқыс әрекеті сипатталады. Бар екпінімен еденде сырғанаған бала есі шығып, бүгежектеп, қашқақтайды. Бірақ адунды тәрбиеші оны уысынан жібермей, ары қарай одан өшін алуға кіріседі...

Бұл жағдай Өскемендегі "Арман" балабақшасында орын алған болып шықты. Ата-аналардың бірі ұлына тәрбиешінің қатыгездік көрсететіне шағымданған. Шағымдарын дәлелдеу мақсатында видеоны көрсеткен. Видеода балабақшаның басқа да қызметкерлері жүргені көрінеді. Олардың бәрі болып жатқан көріністі көрсе де, ешкім тәрбиешіге тәйт демеген. Тіпті, бір мезетте әлгі тәрбиеші баланы өзімен бірге басқа бөлмеге алып кетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы бұл фактіні растап, түсініктеме берді. Белгілі болғандай, видеоға түсіп қалған жанжал 17 ақпанда болған, баланың ата-анасы кеше ғана шағымданған.

Әрине, біз бірден мән-жайға араластық. Мұнымен қазірдің өзінде құқық қорғау органдары жүзеге айналысып жатыр. Жазаны қызметкерлер көтереді, - ШҚО білім басқармасының бастығы Сайрангүл Жұмаділова.

Бөлімде атап өткендей, қазірдің өзінде шаралар қабылданды. Балабақша директоры мен тәрбиешісі арнайы заң бабы бойынша жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақшаның ата-аналарымен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: