Желідегі видео: Мұғалім жұмыстан босатылды, ал директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды
И. Құтпанұлы атындағы мектепте болған оқиға фактісі бойынша Ақмола облысының білім басқармасы 2023 жылғы 5 қазанда мектептің тарих пәні мұғалімінің іс-әрекеті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралғанын хабарлады.
"Кеңес мектеп директорына тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің әдепсіз теріс қылық жасағаны үшін осы жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін мұғалімді қызметінен босатуды ұсынды". Ақмола облысының білім басқармасы
Тарих пәнінің мұғалімі ҚР Еңбек Кодексі негізінде жұмыстан босатылғаны да нақтыланады.
"Мектеп директоры қол астындағы мұғалімнің педагогикалық этика нормаларын сақтауын жеткіліксіз бақылағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 5 қазанда әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушының басын тақтаға ұрған видеосы пайда болды. Оқыс оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылының мектебінде болғаны анықталды. Өңір полициясы болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.