Желідегі видео: Ақтауда әйелін ұрған еркекті полицейлер тауып алды

Ұрды, желідегі видео, Ақтау, ерлі-зайыпты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 11:45 Сурет: pexels
Ақтаудағы ерлі-зайыптылар арасындағы болған жанжалдың видеосы желіде тарады. Қалалық полиция басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, отбасылық жанжал 22 ақпанға қараған түні 12-ықшам ауданда болған.

Видеода ер адам жұбайына қол жұмсайды. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзушыларды анықтады. Полицияда ерлі-зайыптылар өз араларында түсініспеушілік болғанын айтты. Олар видеоның интернетке қалай түскенін білмейді.

"Менің күйеуіме қатысты ешқандай шағым жоқ", – деді келіншек полицияда.

Бұған дейін Оралда ақша табудың заңсыз қызметін ұсынған ерлі-зайыптылардың құрықталғаны хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: