Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда тәртіп сақшысы өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды аман алып қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 22:18 видеодан алынды
Ер адам жұмыс орнында жарақат алғанын және оған әлі күнге дейін ақшалай өтемақы төленбегенін айтты.

Таразда полиция қызметкері өзін-өзіне қол салмақ болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД-ның хабарлауынша, ер адам Королев көшесіндегі құрылысы аяқталмаған бес қабатты үйдің төбесінен секірмек болған.

Бірнеше минут ішінде оқтай ұшып, бес қабатты ғимараттың төбесіне көтерілген учаскелік полиция қызметкері жас жігітті әңгімеге тартып, сөйлесе бастады.

29 жастағы жас жігіт өзі жұмыс істеген компания басшысының үстінен шағымданған. Ер адам жұмыс орнында жарақат алғанын және оған әлі күнге дейін ақшалай өтемақы төленбегенін айтты.

Сөзді жалғастыра отырып, оған жақындап келген тәртіп сақшысы керек сәтте ер адамның қолынан ұстап, оны шатырдың шетінен тартып алды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оны медициналық көмекке мұқтаждығын анықтау үшін ауруханаға жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: