Жаңалықтар тізбегі
0

Жедел жәрдем тез келмегені үшін марқұмның ұлы жүргізушіні соққыға жықты

31tv.ru 31tv.ru
Бұл факт бойынша полицияға арыз түсті.

Алматы облысында жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 15 наурызда болған.

Жедел жәрдем бригадасы сағат 16:17-де келіп түскен қоңырау бойынша Есік қаласы, 4-ші шақырымдағы "Саяжай", 244-участок мекенжайына бару керек болады. Ауа-райына байланысты фельдшер шақырған жерге 16:32-де жетті.

Фельдшер Елекенов пен жүргізуші Молдахметовтың айтуынша, оларды агрессивті адам қарсы алған. Фельдшер науқасты тексеріп, "103" қызметі келгенге дейін биологиялық өлім болғанын айтады. ЭКГ түсірілді (асистол - жүрек тоқтауын көрсетті). Әкесінің қайтыс болғанын естіген ер адам пышақ алып, жедел жәрдем жүргізушісіне қарай жүгірген. Туған-туыстары марқұмды ауруханаға жеткізуді талап етіп, мәйітті күшпен көлікке салды, - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Олар аурухананың қабылдау бөліміне келгенде, марқұмның ұлы жедел жәрдем жүргізушісін балағат, қол сілтеген. Әкесінің денесін жедел жәрдем бөлмесіне қалдырып, ол көшеге жүгіріп шығып, Молдахметовтің бетінен тағы ұрды. Жүргізуші жерге құлап, басын асфальтқа соққан. Оған сол жерде көмек көрсетілді. Травматолог дәрігер жабық краниоцеребральды жарақат, мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы диагнозын қойды. Кейін жәбірленуші Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына жатқызылды.

Бұл факт бойынша полицияға арыз түсті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: