Маңғыстауда құмды дауыл соқты

lada.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 00:00 lada.kz
Төтенше жағдайлар департаменті желдің екпіні секундына 17-22 метге дейін күшейіп, ұйытқитыны бір күн бұрын ескерткендерін жеткізді.

16 наурызда Маңғыстау облысында қатты жел тұрып, арты шаңды дауылға ұласты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Лада" басылымы атап өткендей, Маңғыстау тұрғындары шаңды дауылдың видеосын әлеуметтік желілерге жаппай жүктеуде.

Төтенше жағдайлар департаменті желдің екпіні секундына 17-22 метге дейін күшейіп, ұйытқитыны бір күн бұрын ескерткендерін жеткізді.

Синоптиктер шаңды дауылдың ертең, 17 наурызда да болатынын болжайды.

15 наурызда Пекинді қатты құмды дауыл соққандығы туралы хабарланды. Бұл Бейжіңнен басқа Қытайдың солтүстік аймақтарына, атап айтқанда Ішкі Моңғолия, Тяньцзинь, Хэйлунцзян, Ляонин, Ганьсу, Шэньси, Шаньси және Хэбэй провинцияларына да әсер етті.

14 наурызда қатты құмды дауыл Парсы шығанағы елдерін, оның ішінде Катар мен Сауд Арабиясын да қамтыды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: