Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде аспанға оқ атып, улап-шулаған бір топ жастың видеосы пайда болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 16:51 видеодан алынды
Шымкент қалалық полициясы бұл оқиғаның 6 наурызда болғанын айтты.

Шымкентте бір топ жас жігіт аспанға оқ жаудырып, "братва" деп айқайлаған. Полиция бұл фактіге сәйкес, іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Интернетте Toyota Land Cruiser көлігінің артқа қарай жүріп бара жатқан видеосы пайда болды. Оның жанында тағы екі жол талғамайтын көлік бар. Видеодан жастардың "братва" деп айқайлап, аспанға оқ атқаны көрінеді.

Шымкент қалалық полициясы бұл оқиғаның 6 наурызда болғанын айтты. Toyota Land Cruiser жүргізушісіне қатысты төтенше жағдайдың туындауына соқтыру арқылы жол ережесін бұзғаны үшін, сондай-ақ мұндай маневр жасауға тыйым салынған жерлерде болғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал мына арада сол оқиға қатысушының бірі өз ісіне өкінетіндігін айтып, ағаттығын мойындауда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 16:51

Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын, Шымкент қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын, - деді Toyota жүргізушісі.

Полиция видеодағы барлық адамдардың анықталып жатқанын айтты. Әуеге оқ атқандардың кім екендігі анықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған фактіге сәйкес, "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру аяқталғаннан кейін оған қатыстылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Шымкент полициясы қала тұрғындарынанқұқық бұзушылық куәгері болса, оны суретке немесе видеоға түсіріп, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жолдауды сұрайды.

Біз құқық бұзушылық фактілеріне қатысты шара қолданамыз, - делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: