Алматыда КамАЗ-бен соғысқан ВАЗ жүргізушісі жан тапсырды

Sputnik / Стрингер, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2021 20:52 Sputnik / Стрингер
Оның жанында отырған жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алматы полициясы ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі қаза тапқан жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды zakon.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала дерек бойынша, ВАЗ жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, КамАЗ-бен бетпе-бет соғысқан.

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында Карьерная көшесінде болған.

Жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі жедел жәрдем келмей жатып оқиға орнында көз жұмды. Оның жанында отырған жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2021 20:52

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: