Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда желі арқылы танысқан қызды тонап кеткен жігіт ұсталды

РИА Новости, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 23:38 РИА Новости
Олар "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы танысып, бір ай бойына хат алмасқан.

Нұр-Сұлтанда желі арқылы танысып, ақырында қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

27 жастағы жігіт 28 жастағы бойжеткенмен "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы танысқан. Бір ай бойы интернет арқылы хат алысқан олар кездесуге шешім қабылдайды. Жігіт қызды бірден қонақ үйге шақырған.

Бірлескен отырыстан кейін ұйқыға кетер алдында қыз өзінің алтын бұйымдарын шешіп, үстелге қойған. Ал оянғанда алтын бұйымдар да жанындағы жігіт жоқ болып шығады. Кейін белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің құны шамамен 100 мың теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарын ұрлап, түнгі сағат төртте қонақүйден шығып кеткен, - деп хабарлады астаналық ПД.

Көп ұзамай күдікті табылды, ол бірнеше рет сотталған азамат болып шықты. Ол қылмысын мойындады, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: