Жаңалықтар тізбегі
0

Желі арқылы танысқан қызына 2 млн теңге аударған абайлық жігіт оңбай алданып қалды

Интернет алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 21:39 Сурет: unsplash
Абай облысының 22 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан қызға 2 миллион теңге ақша аударып жіберген. Жігіт қыз байланысқа шықпай қойғанда алданғанын бір-ақ түсінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 жастағы Абай ауданының тұрғыны мамыр мен шілде айлары аралығында әлеуметтік желі арқылы бір қызбен хат алмасып отырған. Желідегі екеуара әңгіме жарасқаны соншалық, жәбірленуші азамат қашықтан байланысқа шығып жүрген қызға 2 миллион теңге ақшаны қалай аударып қойғанын білмей қалған. Қыз байланысқа шықпай қойғанда ғана жәбірленуші алданғанын түсінген.


"15 шілдеде Абай аудандық полиция басқармасына алаяқтық бойынша арыз түскеннен кейін тәртіп сақшылары жедел әрекет барысында күдіктіні анықтады. Оның 27 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Жәбірленуші күдіктімен беттестіру барысында таң қалғаны соншалық, сөйлесіп жүрген қыз еңгезердей ер-азамат болып шықты", делінген полиция хабарламасында.

Күдікті тергеудің қорытындысы бойынша заң аясында тиісті жазасын алатын болады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: