Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай ауданы әкімінің орынбасары 5,5 жылға сотталды

kst.sud.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 00:00 kst.sud.kz
Сотталушының жас балаларының болуы жазаны жеңілдететін жағдай ретінде танылды.

Қостанай ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Ол өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

12 сәуірде Қостанай аудандық соты Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С.-ға қатысты "қолындағы билігін немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша үкім шығарды.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкімінің орынбасары С. жер комиссиясының төрағасы бола тұра, 2020 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында түрлі сылтаумен "Ремдортехник" ЖШС директорына уақытша жер пайдалану құқығын беруден бас тартып келген. Алайда басшының Қостанай облысындағы Сафроновск кен орнынан құм өндіруге лицензиясы болған.

Кейіннен әкімнің орынбасары жер учаскесін пайдалану құқығын беру үшін кәсіпкерді кен орны жанында орналасқан Заречное кентінің көшелерінің бір бөлігін газдандыру жұмысын қаржыландыруға келісуге мәжбүр етті. Оған қоса, директор шамамен 11 миллион теңге аударған мердігер фирманы да әкімнің орынбасары өзі анықтап, тапқан.

Сотталушының жас балаларының болуы жазаны жеңілдететін жағдай ретінде танылды. Алайда сотталушының берген антын бұзуы, керісінше жазаны күшейтетін жағдай ретінде қарастырылды.

Нәтижесінде сот Қостанай ауданы әкімінің орынбасарын кінәлі деп танып, 5,5 жылға қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтеуді бұйырды және 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: